Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
3052 0 пікір 18 Наурыз, 2022 сағат 14:58

Қазақстан: 50-ден астам тәжік мигранты шығарылды

Қазақстан миграциялық заңдарды бұзған Тәжікстанның 50-ден астам азаматын еліне депортациялады. Бұл туралы Озоди радиосы дереккөзіне сүйеніп хабарлады.

Тәжікстанның Бахтиёр атты азаматы Озоди радиосына Алматы қалалық сотының алдында сот шешімін күтіп тұрған тәжік азаматтарының видеосын жіберген. Оның сөзінше, Алматыда 80-нен астам тәжік азаматы ұсталған. "Барлық құжаттарымыз бар екеніне қарамастан, сот бізді депортациялау туралы шешім шығарды. Маған Қазақстанға кіруге 5 жылға тыйым салды. Үш күн ішінде сот 50-ден астам тәжік азаматын депортациялау туралы шешім шығарды", - деді Бахтиёр.

Сарапшылар Ресейдегі экономикалық жағдайдың нашарлануынан кейін Қазақстанға мигранттар ағылуы мүмкін деп жатыр.

Қазақстанда 4 наурыздан бастап шетелдікдер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұру тәртібі өзгерген.

Қазақ билігінің мәліметіне қарағанда, 2021 жылы Қазақстанға жұмыс істеу үшін Тәжікстаннан 40 мың азамат барған. Елдің миграциялық заңын бұзғаны үшін 2 мыңнан астам адам депортацияланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 482
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1763
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 447
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 424