Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 2720 4 пікір 24 Наурыз, 2022 сағат 15:06

Агрессор әлекке түсуде

Түркменстанда ресми доллардың бағасы 3.5 манат. Бірақ ондай бағаға доллар таба алмайсыз. Қара базарда 1 доллар 41 манат тұрады. Яғни 12 есе қымбат. Ресейде 1 доллардың бағасы қазір 105 рубль болғанымен, қара нарықта орыстардың айтуы бойынша 150-200 рубль екен. Мемлекет қаншалықты жабық болса, ресми сандар мен бейресми сандардын арасы алшақтап кетеді. Ресей қаншалықты енді юаньмен сауда жасаймыз десе де әлемдік валюталар резервінде юань 2% ғана. Swift аралық есептесулерде юань 3%.

Алдағы уақыттарда Ресей сыртқа жабылып рубльді ресми 100 деп ұстап тұруы мүмкін. Бірақ бейресми бағасы тек өсе береді. Өткенде шекер кризі басталды. Ресей сыртқа шекер сатуды тоқтатып еді біз маңырап қалдық. Шекердің 60%-ын Ресейден таситынбыз. Енді ауылшаруашылық министрінің айтуы бойынша биыл шекердің 80%-ын өзіміз өндіреді екенбіз. Рас өтірігін кім білсін. Бірақ солай деді. Жалпы құдай қазаққа тағы бір мүмкіндік беріп тұрған сияқты. Өзіміз ырбандап Ресейді қолдап, санкцияға кіріп кетпесек болғаны. Агрессордың басы өз өзімен әлек болуда.

Сабит Рысбаев

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608