Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2763 0 пікір 25 Наурыз, 2022 сағат 13:52

Жапония Ресейге санкция салды

Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуде.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған. Осылайша, Жапония үкіметі тағы 25 ресейлік жеке тұлғаның активтерін бұғаттап, 81 ресейлік ұйымға экспортқа тыйым салады.

Агенттіктің хабарлауынша санкциялар тізіміне: "Миасс" автомобиль зауыты, "Вымпель" кеме жасау зауыты, "Амур" кеме жасау зауыты, Baikal Electronics электроника өндіруші кешені, "Стрела" өндірістік кешені, "Звезда" машина жасау зауыты және т.б енгізілді.

Сонымен қатар, премьер-министр Фумио Кисида Жапонияның Ресейді ең қолайлы сауда мәртебесінен айыру және цифрлық активтердің көмегімен қаржылық санкцияларды айналып өтуге жол бермеу үшін қадамдар жасайтынын айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 960
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2466
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 664
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639