Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2475 1 пікір 29 Наурыз, 2022 сағат 13:34

Қақтығыс: Қарабақта не жағдай?

Украина мен Ресей арасындағы соғыс қызған сәтте, Әзербайжанға тиесілі Қарабақта да қақтығыс бұрқ ете қалды.

90-жылдары басқыншы Ресейдің қолдауымен Армения тарапы Қарабақтағы жеті ауданды басып алып, ұзақ жылдар бойы отарлап, жасанды 1Таулы Қарабақ Республикасы1 атты сепаратистік құрылымды өмірге әкелген болатын. Халықаралық қауымдастықтың бірі де мойындамаған бұл сепаратистік құрылымда 2020 жылы 44 күндік соғыс нәтижесінде Әзербайжан өзіне тиесілі Қарабақтағы бірқатар ауданды азат етті. Алайда басқыншылар қолында Қарабақтың орталығы саналатын Ханкенді қаласы қалды. Келісім бойынша ол қала бірнеше уақыттан кейін Әзербайжанға өтуі тиіс, ал басқыншылар тарапынан көшіп келген армян халқы Әзербайжанның халқы саналып, еш қысым жасалмайтыны айтылды. Келісім бойынша тараптар арасындағы соғысты тоқтату үшін Ресейдің бітімгерлік күштері аймаққа орналастырылды.

Алайда Армения тарапы ұзақ уақыт бойы келісімді бұзып, өрескел арандатушылық әрекеттеріне баруды жалғастыруда. Келісім жасалғаннан кейін шекара маңында бірнеше мәрте атыс-шабыс болды. Тараптар бір-бірін айыптады. 2022 жылы, 8 наурызда Қарабақ халқын газбен қамтамасыз ететін құбырдың бірі жарылды. Салдарынан мыңдаған Қарабақ тұрғыны жылусыз қалды. Армения тарапы құбырды Әзербайжан жарды десе, Әзербайжан тарапы Арменияның жарғанын айтады. Бұл тараптар арасындағы жағдайды ушықтыра түсті.

24 наурызда тараптар арасындағы жағдай ушықты. Армения тарапы Әзербайжан әскеріне оқ атып, арандатушылыққа барғаны айтылады. Ал Әзербайжан тарапы қарсы шара қабылдап, атыс болған. Әзербайжан әскерінің Фарух ауылына кіріп, биіктіктерді иемденгені айтылды. Дегенмен бұл ақпаратты Баку жоққа шығарып, тек «позицияны нақтылау жұмысы жүріп жатқанын» ескертті. Фарух ауылы келісім бойынша әзірге Ресей бітімгерлерінің бақылауында, ал кейін Әзербайжанға берілуі қажет.

Армения қорғаныс министрлігі: «Ресейдің аймаққа жіберген бітімгерлік күштері тым аз және олардың санын арттыру керек», - деп мәлімдеме жасады. Бейресми ақпарат көздеріне сенетін болсақ, Ресей Қарабақтағы әскерінің бір бөлігін Украинаға әкеткен. Сонымен қатар, ол Сирия, Абхазия, Тәжікстан, Осетиядағы әскерінің бір бөлігін де Украина соғысына аттандырған. Бұл кәсіби әскердің Украинада үлкен шығынға ұшырап жатқанының бір дәлелі болса керек.

Ресейлік телеарналар болса, Әзербайжанның әрекетін әдеттегідей айыптап, «Баку буынсыз жерден пышақ ұрды», - деп байбалам салып жатыр. Баку Киевке жанармай жеткізу бойынша келісім берді. Бұл әрекетін Мәскеу «айыптауды» бастап кетті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562