Дүйсенбі, 28 Қараша 2022
Аласапыран 2289 0 пікір 31 Наурыз, 2022 сағат 13:32

Самурайлар Ресейге тіс қайрауда...

Ресей мен Жапония арасы соңғы бір ай ішінде шиеленіскен қақтығысқа ұласты. Оған басты себеп Ресейдің Куриль аралдары бойынша келіссөздерден шығып кетуі болып тұр. Ресей Куриль аралдары мәселесін талқылаудан бас тартты. Ресей Конституциясы өзгерген соң, Ресей өзінің территориясына қатысты талқылауларды өткізуге заң жүзінде тыйым салған болатын. 

Украинаға басып кірген Ресейге Токио санкция салуды қолдап, Азия құрлығында санкция салудан көш бастады. Оған Ресейдің Киевке агрессиясымен қатар, Мәскеудің Курильді талқылаудан бас тартқаны да әсер етті. 2014 жылы Ресей Қырымды тартып алған сәтте Токио Мәскеуді қатаң айыптады, алайда санкция салуда белсенділік танытпады. Бұл жолы керісінше, себебі Ресей Токионың келіссөзге қатысты бетін қайтарып тастады.

Жапония ендігі таңда Курильге қатысты «оккупация» терминін қолдана бастады. Соңғы рет ол терминді 2003 жылы қолданған болатын. Содан бері «Куриль аралдары Жапонияға тиесілі» сөзтіркесін қолданып келген. Ал «оккупация» терминін қолдану Токионың Ресейге деген көзқарасының тым суып кеткенін көрсетеді. Әскери сарапшылар «оккупация» деген терминді «жау қолындағы жерді азат ету» деп түсінсе де болады дейді.

Ресей Жапонияның титығына тиген тағы бір әрекетке барды. Ол Курильде ірі әскери жаттығу бастады. Жаттығуға 3 мыңнан астам сарбаз қатысуда. Токио СІМ Ресейге қатысты санкциялық қысымды күшейту керектігін мәлімдеді және теңіз әскери күштерінің жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр.

2018 жылы Ресей басшысы Владимир Путин Жапонияға еш шартсыз бейбіт келісім жасауды ұсынған болатын. Сол арқылы Куриль мәселесін талқылауды доғару керектігін меңзеген еді, алайда Жапония бас тартты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әне, көрдің бе?

Орыс патриотизмі және яхта

Есбол Үсенұлы 1488
Қазақтың тілі

Қазақтың тілі өлмесін десек...

Камшат Тасболатова 1568
Соғыста жүрген сұлулар

Майдандағы Украина арулары: Маргарита Ривчаченко

Айжан Темірхан 1733