Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 2598 3 пікір 31 Наурыз, 2022 сағат 14:25

Бюджет тапшылығын Ұлттық Қормен жабуда

Үкімет ұлттық қордан тағы 600 млрд алды дегенді оқыдым. Енді ұлттық қор дегеннің не екенін айта кетейін.

Еліміздегі барлық қазба байлықтардан түсетін қаражат (Көбі мұнайдан) ұлттық қорымызға жиналады, себебі болашақта мұнай біткенде осы қор қажет болады. Яғни, ұлттық қор дегеніміз ұрпақтарымыз үшін жиналып жатырған қаражат.

Дұрысында қазір біз ұлттық қордан бір тиын да алмай, керісінше оны көбейтуіміз керек. Мысалы мұнайдың ақшасын бөліп алайық деу рақатын өзіміз көрейік, бізден кейін күл болмаса бүл болсын деген сөз.
Үкімет неге ұлттық қордан жыл сайын ақша алады? Себебі салықтан түсетін табыс мемлекеттің міндеттемелерін орындауға жетпейді, яғни бюджетниктерге жалақы беруге, зейнетақы төлеуге, мектептер, жолдар салуға тағысын тағы басқалар.

Салықтан түсетін табыс неге жетпейді? Себебі біздің билікте білімімен, еңбегімен емес, сәке бәкенің адамы болғаны үшін отырған топастар еліміздің экономикасын дамыта алмайды, тіпті ондай мақсаттары жоқ та шығар. Олар бюджеттің дефицитын ең оңай жолмен - ұлттық қордан ақша алу арқылы жауып отыр. Рақат, бас қатырып қажет емес.

Қысқасы, ұрпағымыздың болашағын жеп ұлттық қордан ақша ала бермей мафия болып жеген ақшаларыңды қайтарыңдар оңбағандар!
Басты ауыртпай барынша қарапайым тілмен жазғанда осылай.

Арман Рахмет

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550