Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Билік 2942 0 пікір 31 Наурыз, 2022 сағат 14:46

Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялап болды

Қазақстанның Украинадағы елшілі 29 наурызда кешке жанжал ошағындағы азаматтарды елге жеткізу ісі аяқталғанын хабарлады. Польшаның Катовице қаласынан Алматыға ұшып келген соңғы – жетінші рейсте 53 жолаушы болды. Алғашқы эвакуациялау рейсі Қазақстанға 1 наурызға қараған түні қонған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін Украинадан Қазақстанның 900 азаматы эвакуацияланды, солардың 743-і елге оралды.

Украина қалаларында тағы қанша қазақстандық бары белгісіз. Азаттық тілшісі сөйлескен қазақ азаматтарының бірқатары Украинадан әзірге кеткісі жоқ екенін айтты.

Қазақстандық дипломаттардың 16 наурызда таратқан мәліметіне қарағанда, Мариуполь қаласында 18 қазақстандық қалған. Қазақстанның Украинадағы елшілігі олармен байланыс орната алмағанын мәлімдеді, өйткені бұл қалада жарық, байланыс желілері жоқ.

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадаған эвакуациялауды ұйымдастырған дипломаттарға мемлекеттік сыйлықтар тапсырды. Олардың арасында Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев та бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2068