Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 2767 2 пікір 4 Сәуір, 2022 сағат 13:45

Соғыс: Қазақстан «астық алыбы» атанбақ

Украина мен Ресей соғысы әлемдік астық қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Орта есеппен әлемдік астықтың 30 пайызын беретін екі елдің биыл нарыққа астықты көбірек шығару мүмкіндігі төмендеген. Украина егін егу науқаны басталған сәтте соғысып жатыр, ал Ресей басқыншылығы үшін санкцияның астында қалды. Сондықтан «биыл Ресейдің нарыққа астық шығаруы азаяды, ал Украина мүлде шығармайды» деген болжамдар бар.

Қазақстан астық өндіруші мемлекеттердің ішінде алғашқы 15 елдің қатарына кіреді. Астық өндірісін экспорттау арқылы Ресей мен Украинаның нарықтағы орнын алуға тырысуға да болады дейді мамандар.

Өзбекстан мемлекеттік резервін толтыру мақсатында 600 мың тонна астық сатып алмақ. Оның ішінде 100 мың тоннаны Қазақстаннан сатып алу жоспарлануда. Тапсырыс сәуір-маусым аралығында орындалуы керек. Бұл туралы өзбекстандық сайттар жазуда.

Ресей енгізілген санкцияларға байланысты сыртқа астық өнімдерін шығаруға тыйым салды. Тыйым 2022 жылдың маусым айының соңына дейін. Өзбекстан биыл 7,7 млн тонна астық алуды жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн тоннаға артық. Ал 2021 жылы Қазақстан Өзбекстанға 2,77 миллион тонна астық сатқан, бұл Өзбекстан сатып алған астықтың  94% пайызын құрайды. Биыл Ресейдің тыйым салуына байланысты бұл көрсеткіш артуы мүмкін.

2022 жылы Қазақстан Еуропа елдеріне астық өнімін рекордтық деңгейде жеткізген. ЕО елдеріне 13 есе көп астық сатылған. Бұл Украина соғысына тікелей байланысты болып тұр. ЕО елдері биыл Қазақстаннан көбірек астық алуға ниетті, ал Ресей ЕО-ға астық сатпайтынын мәлімдеп үлгерді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351