Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
3475 3 пікір 4 Сәуір, 2022 сағат 15:09

Cатыбалдының сыбайластары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастыруда.

«Тергеу барысында Қ.Сатыбалдыұлының бақылауындағы кәсіпорындардың – кірме теміржол желілері иелерінің ұрлығының қосымша фактілері анықталды. Аталған тұлғалар Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдің қала құраушы кәсіпорындарына кірме жолдардың қызметтеріне тарифті негізсіз көтеру арқылы көп миллиардтық пайда тапқан. Бұл өз кезегінде азаматтар үшін тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің бағаларының артуына бағытталған», – делінген хабарламада.

Мәліметке сай, Қ. Сатыбалдыұлы бақылауындағы екі компанияның басшысы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 963
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2474
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 668
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 644