Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3771 11 пікір 4 Сәуір, 2022 сағат 15:24

Сенім лимитіңіз таусылып тұр...

Тоқаевқа қастандық жасалмақ болыпты

Бұл өте нашар сценарий. Қасым-Жомарт мырза, сізді идеологтарыңыз мазақ қылатын сияқты?! Сервантестің "Дон Кихотын" көп оқыған адам "жазса" керек?! Реализмге түскендеріңіз абзал...
Қаңтар оқиғасынан кейін, қалт-құлт етіп тұрған абыройыңызды одан бетер төгіп жатыр.

Мысалы сол азаматтан есірткі табылды дейді. Және ол Қазақстан азаматы. Бірақ, шет ел агенті деген айдар тағылған. Қай ел? Неге айтылмаған? Мысалы, сізге және шенеуніктерге қастандық жасамақ болғанын біліп қойған (өзі мойындаған болуы мүмкін) барлау қызметі қай ел екен қалай білмей қалады? Немесе мойындата алмай қалады?

Сіз, қазір президентсіз. Әлем мен халық алдындағы "Дипломат" деген псевдоиррониялық образдан шыққаныңыз дұрыс шығар?!

Мысалы қазір, қаңтар оқиғасынан кейін Ауғанстанға немесе Сирияға жапқан тиімді еді. Сыртқы істер мен дипломатия тұрғысынан да ол елдерден қауіп аз. Экономикалық байланысымызда керемет емес. Оған қоса ол елдер халықаралық қатынастарда да әлсіз.

Бірақ, сіздер детальдан қате жіберіп алдыңыздар. Есірткі табылды деп. Себебі біздің барлау қызметі Кеңес мектебінен қалған методды қолданды. Нашақор мен капиталистті жау көру. Бір үлкен қылмыстарға есірткі мен ақшаны деталь есебінде қосу. Бұл ескірді.

Сосын сценариді оны діни-радикал адам қылып көрсетіп, Рамазан айы аяқталғанын күтіп отырыпты десе, уот резонанстың көкесі болатын еді. Және ол бүгінгі ақпараттың шынайылығын 3-4есе арттырар еді.

Байқаған шығарсыз?! Соғыс болып жатса да, Украин халқы Зеленскийді қалай қорғаштап жатқанын?! Біздің халыққа бәрі бір. Тіпті соның ұсталып қалғанына өкініп отқандар көп сияқты?! Неге? Сенім лимитіңіз таусылып тұр...

Енді сізге халықтың сенім лимитін қайтару жолдарын ұсынамын:
Қазір сізге қыруар қаржы жұмсап медиялық жүрістерден гөрі, шын іске көшу керек.

Мысалы сол барлау тобы Заманбек Нұрқаділовті кім өлтіргенін тауып жатса, халық мойнын бірден сіз жаққа бұрады.
Алтынбекті кім атқанын "тауып берсеңіз", тіпті кезінде кінәлі деп танылған азаматтарды әлемдік сот ақылы алдырып, елге әкеліп соттап жатсаңыз ғажап емес пе?!

Тіпті медиаға қыруар қаржы жұмсамай-ақ, Асхат Шәріпжановтың өлімінің "құпиясы" ашылса жетіп жатыр. Сол кісінің диктафонын "тауып жатсаңыздар" қандай ғажап, ә?!

Журналисттердің симпатиясы бірден сіз жаққа ауып кетер еді. Сол Шәріпжановтың жолын қууға бел буып, біраз журналист жемқорларды әшкерелермеді?! Себебі, сіздің сондай журналисттерді "қорғайды" деген, қоғамда, журналистер арасында бейсаналық концепция қалыптасар еді. Біраз шенеунік пен жемқорлар да, журналисттерден "тартыншақтап" қалар еді...

Қалғанын кейін...
Сіздердің жүріске байланысты жазармын...

Серік Хасенов

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357