Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3640 6 пікір 6 Сәуір, 2022 сағат 11:59

Ұялуы тиіс, қазақылығы қалған болса...

Орыстар "Бучада қырғын жасаған жоқпыз, Украиндар актерлік ойын қоюда, біз ешбір бейбіт тұрғынға зиян тигізген жоқпыз" деп ақталып, мұның бәрі "Украиндардың жалған хабары" дегенді айтуда. Олардың айтуынша, Орыстар шығып кеткен соң барып көшеде мәйіттер пайда болған-мыс!
Бірақ техника қателеспейді. Орыстар Бучадан 31.03 және 01.04 шыққан. Украиндар 01.04 Бучаға кіре бастаған.

Maxar Спутниктен түсірілген суреттерде 31 наурызда ғана емес, тіпті 19 наурыздан былай қарай Буча көшелерінде өлі денелер жатқаны көрсетілген.
Орыстардың сөзіне емес, не істеп жүргеніне қарау керектігі, бұл халық еш шімірікпей өтірікті соға беретіні тағы да дәлелденді.

Орыстар осыған дейін "украиндар Донецке 8 жыл шабуыл жасап, талай балаларды қырып тастады" дегені де еш дәлелі жоқ шылғи өтірік.
Тіпті орыстар Malaysia Airlines Flight 17 жолаушылар ұшағын Украин жеріне Бук зымырандар кешенін әкеп, атып түсіргенін нақты айғақтармен батыс қанша дәлелдесе де, еш міз бақпай, мүлде мойындамай қойғаны белгілі. Сол жолы олар бейбіт ұшып бара жатқан 298 адамды тасадан атып жіберген еді.
Таяуда Мариупольда мұнда балалар бар деген белгіні көріп тұрып, әдейі Театрды жарып жіберіп, сонда 300 шақты бейбіт адамның өліміне себеп болғаны да сондай өтірікпен жабуланған: театрда украиндардың қауіпті қарулары болған-мыс.

Бізде орыстарды ақтап, Украинаға тас атып жүргендер осындай бұлтартпас факттер алдында тілін тістейді, ұялады, орысқұл болудан шімірігеді деп ойлаймын, егер адами/қазақы бірдеңесі қалған болса.

Хайдар Алпы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357