Өзбекстан: Санкцияның кері әсері бар
Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты Батыс елдерінің Мәскеуге қарсы жариялаған санкциялары Өзбекстанның инвестициялық жобаларына кері әсер етті.
Өзбекстан орталық банкінің төрағасы Мамаризо Нұрмұратов Батыс елдерінің Ресейге қарсы жариялаған санкциялары ел экономикасына қалай әсер еткені туралы айтты.
"Біздің басты сауда әріптестеріміздің ұлттық валютасының девальвацияға ұшырауы сумға аз уақыт болса да қысым жасап жасады. Атап айтқанда, доллармен ақша айырбастау азайды, ал халық пен бизнес девальвация болатын күнді күтіп жүр", — деді Өзбекстан орталық банкінің төрағасы.
Бұған қоса, Өзбекстан импорттап отырған шикізат пен азық-түлік тауарлары қымбаттап барады. Мәселен, мұнай, металл, дәнді дақылдар, өсімдік майы. Бұған қоса, дәстүрлі теңіз жолдары да қиындап кетті.
Ресейге қарсы жарияланған санкциялар Өзбекстанның инвестициялық жобаларына кері әсер етті. "Бұл оқиғалар аймағымыздың инвестициялық тартымдылығын түсірді. Сол себепті бізге ірі инвестициялық жобалар үшін жаңа көздер іздеуге тура келеді. Кейбір инвестициялық жобаларды кейінге қалдыра тұруымыз мүмкін", - дейді Нұрмұратов. Жыл басынан бері сумның долларға шаққандағы бағамы 6,8 пайызға құнсызданды.
Abai.kz