Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 2120 1 пікір 7 Сәуір, 2022 сағат 13:38

Билік WhatsApp, Facebook, Telegramға шектеу қоя ма?

Қазақстанда WhatsApp, Facebook және Telegram шетелдік мессенджерлерін бұғаттауы мүмкін. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде (...):

14-тармақта: 1) тармақша мынадай мазмұндағы тоғыз, он және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:" онлайн - платформаны немесе жылдам хабар алмасу сервисін пайдаланушылардың саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында онлайн-платформадан немесе жылдам хабар алмасу сервисінен ақпаратты сұрату тәулігіне пайдаланушылар саны туралы ақпаратты сұрату; егер онлайн-платформа немесе жылдам хабар алмасу сервисі интернеттегі ақпараттық ресурсты пайдаланушылардың санын айқындауға арналған бағдарламаны орнатпаса, пайдаланушылар санын өз ресурстарымен анықтауға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік онлайн-платформаның немесе жылдам хабар алмасу сервисінің қызметін Қазақстан Республикасының аумағында шектеуге құқылы», - делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Осы Ереженің 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы тоғыз абзацпен толықтырылсын: «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға осындай ақпаратты бере отырып, коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне терроризмді қаржыландыру қаупін анықтау үшін, талдау және мониторинг жүргізу».

«Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаты мен мерзімі» Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сәйкес», - делінген құжатқа түсіндірме жазбада.

Сарапшылардың пікірінше, балаларды қорғау сылтауымен әлеуметтік желілердің бұғатталуы Қазақстанға жылына $5 млрд шығын әкелуі мүмкін.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383