Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3740 15 пікір 8 Сәуір, 2022 сағат 14:43

Президент пен Елбасының қызметіне қанша бөлінеді?

Қаржы министрлігі "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер енгізуді көздеп отыр.

Құжатта мемлекет башсысы және басқа да органдардың жұмысын қамтамасыз етуге бөлінетін қаржының көлемі көрсетілген, деп хабарлайды Экспресс К.

Президент әкімшілігінің жұмысына биыл 10,6 миллиард теңге қарастырылған. Ал мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз етуге 8,1 миллиард теңге бөлінеді. Сонымен қатар премьер-министрдің қызметін қамтамасыз етуге 3,4 миллиард теңге жұмсалмақшы. Одан бөлек, Тұңғыш Президент — Елбасының кеңсесіне де қаржы қарасылған. Кеңсе жұмысына 2,6 миллиард теңге бөлінсе, Елбасының қызметін қамтамасыз етудің өзіне 1,2 миллиард теңге жоспарланған. Бұл 2,5 миллион доллар. Тұңғыш Президент кітапханасының жұмысына бөлінетін 1,3 миллиард теңге тағы бар.

Сондай-ақ бірнеше министрлік пен Жоғары сот секілді өзге де мемлекеттік органдарға жұмсалатын шығындар көрсетілген. Құжаттың толық нұсқасын "Ашық НҚА" порталынан көруге болады. Қоғамдық талқылау 21 сәуірге дейін жалғасады.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383