"7-8 жыл сайын Ресеймен соғысып отыруымыз мүмкін"
![](https://abai.kz/content/uploads/2022/04/126_3_id81751_1300x820_8_1300x820.jpg)
Украина Президенті офисінің кеңесшіс Арестович Ресеймен соғыс 2035 жылға дейін жалғасуы мүмкін деген пікір білдірді.
"Ресеймен соғыс кезең-кезеңмен 2035 жылға дейін жалғасуы мүмкін. Екі үш жылда бір кіші қақтығыстар, 7-8 жылда ірі соғыстар болуы ғажап емес. Бұл тура Израиль-араб шайқасы іспеттес. Сондықтан бұл сценарийге дайын емес азаматтар болса, жылы жаққа, мысалы Испанияға кеткен дұрыс болар. Мен өз отбасымды ешқайда әкетпеймін және осында қаламын", - деді ол.
Ол бұған дейін Ресейдің соғыс ашатынын, Киевті алу мүмкін еместігін дәл болжаған болатын.
Abai.kz