Жұма, 11 Қыркүйек 2026
3299 7 пікір 11 Сәуір, 2022 сағат 13:52

Қадыров: "Киевке шабуыл жасаймыз..."

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресей Қарулы Күштері Украинаның барлық қалаларына шабуыл бастайды деп уәде берді. Бұл туралы ол Telegram-арнасында жарияланған бейнеүндеуінде айтты.

Оның айтуынша, Қарулы күштер қалаларды, ауылдарды және басқа да елді мекендерді «фашистер» мен «бандералардан» азат ету үшін оларға шабуыл жасауды жоспарлап отыр. «Міндеттер айқын және біз қазірдің өзінде нақты жұмысты бастап жатырмыз, тек Мариупольде ғана емес, сонымен қатар барлық басқа елді мекендерде, қалалар мен ауылдарда шабуыл толқыны болады. Бірақ, ең алдымен, біз Луганск пен Донецкіні толығымен азат етеміз, мұндай тапсырманы бас қолбасшы, (Ресей президенті Владимир Путин) қойды», - деді Қадыров.

Киевке қатысты: «Егер Киев біздің жоғарғы қолбасшы өзіне қойған барлық міндеттемелерін орындамаса, соғыс тоқтамайды деп сендіре аламын. Бандера жасақтары мен шайтандарды құрту үшін Киевке шабуыл бастаймыз... Біз оларды тіпті тірідей де, моральдық тұрғыдан да өлтіреміз », - деді Қадыров.

Abai.kz

 

7 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1067
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2615
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 742
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 707