Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2706 0 пікір 12 Сәуір, 2022 сағат 13:24

Украина Еуроодаққа үміткер мәртебесіне ие болмақ

Украина биыл маусым айында Еуроодаққа кандидат мәртебесіне ие болуы мүмкін. Осылай деп Украинаның Еуропа және еуроатлантикалық интеграция мәселелері бойынша вице-премьер-министрі Ольга Стефанишина мәлімдеді. 

"Украина Еуродаққа мүше болу үшін анкета алды. Біз өте көп дайындық жұмыстарын жүргіздік. Сол себептен тез әрекет етуге дайынбыз", - деп жазды Стефанишина Twitter желісіне.

Еурокомиссии басшысы Урсула фон дер Ляйен 8 сәуірде Киевке барып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, Еуроодаққа кіруге келіссөзді бастау үшін анкетаны тапсырды.

"Сіздің ЕО-ға жолдарыңыз басталып жатыр. Бұл қысқа жол болады",- деді Еурокомиссия басшысы. Ол әдетте кандидат мәртебесін алу процесіне бір жыл кетеді, ал Украина үшін бір апта болуы мүмкін деді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1029
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2577
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 682