Министр: АЭС салу үшін зерттеу жүргізіліп жатыр
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомство атом электр станциясының құрылысы бойынша ғылыми зерттеуді жалғастырып жатқанын айтты.
"Атом электр станциясын салу – ұзаққа созылатын мәселе. Қазір геологиялық, тектоникалық, сейсмологиялық зерттеулерді, табиғи рельефтерді, ландшафттарды, судың қолжетімділігін, адам ресурстарын ескере отырып, ықтимал орналастыру орындарына байланысты зерттеу жүргізіліп жатыр. Ең әуелі осылар жасалуы керек", - ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Бұған дейін Энергетика министрлігі Қазақстанда атом электр стансаларын салу үшін ядролық технологиялардың алты жаһандық жеткізушісі зерттеліп жатқанын хабарлаған еді.
Abai.kz