Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
3531 6 пікір 13 Сәуір, 2022 сағат 14:46

Виктор Медведчук кім?

Украинада Путиннің өкіл әкесі Виктор Медведчук арнайы операция барысында ұсталды. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский хабарлады. Ақпанның соңында ресейшіл саясаткер үйқамақтан қашып кеткен.

"Украина қауіпсіздік күштері арнайы операция өткізді! Жарайсыңдар", – деп жазды Зеленский. Украина президенті саясаткерді қалай ұстағаны туралы мәлімет кейінірек жарияланатынын ескертті.

Кремль спикері Дмитрий Песков Медведчуктің ұсталғанына қатысты суретті көргенін, бірақ оның қаншалықты рас екенін айта алмайтынын ТАСС агенттігіне мәлімдеді. Песков суретті тексеру керек деп есептейді.

"Оппозициялық тұғырнама - Өмір үшін" партиясы саяси кеңесінің төрағасы Виктор Медведчук – Ресей президенті Владимир Путинпен тығыз байланыс орнатқан украин саясаткері.

19 ақпанда Медведчук пен оның әйелі Оксана Марченконың мүлкіне санкция жарияланды.

Медведчук Украинада мемлекеттік сатты деген айыппен тәулік бойы үйқамақта отырған, алайда кейін оны бақылауда ұстау әдісі өзгерген. 26 ақпанда Бас прокуратуар Ұлттық полицияға Медведчуктің үймақта бар-жоғын тексеруді тапсырған, алайда саясаткер орнында болмай шыққан.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4153