Қытайда коронавирус өршіп кетті
![](https://abai.kz/content/uploads/2022/04/photo_369432.jpeg)
Қытай билігі кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырған 29 411 адамды анықтады. Бұл – пандемия басталғалы бері ең жоғары көрсеткіш.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ауруды жұқтырғандардың ең көп саны Шанхайда (2 573 адам) және солтүстік-шығыс Цзилинь провинциясында (325 адам) тіркелген.
Қытай Халық Республикасының Гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша, кейінгі тәулікте анықталған 3000-нан астам ауру жұқтырған адамда COVID-19 белгілері расталды. Аурудың негізгі белгілері арасында қызба, жөтел, әлсіздік бар.
"Қалған 26 391 адам – аурудың асимптоматикалық тасымалдаушысы. Оның 73-і шетелден келген, 26 318 жағдай республика ішінде тіркелген" дейді Қытай Халық Республикасының гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті.
Abai.kz