Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3199 3 пікір 14 Сәуір, 2022 сағат 13:39

Ресей өндіруші ел емес, ол - Бензоколонка!

Бір адамдар Аблязовты тыңдап 520-530 дан доллар алдық енді не істейік деп жатыр. Негізі бәрі Ресейді дефолт болады деп ойлады. Рубльді жел шайқаса, теңгені көктен ізде деген атам қазақ. Адамдардың доллар алатын шамасы болса демек ол запас ақшасы. Келесі айдың пәтерақысын төлейтін ақшаға ешкім доллар алмаса керек. Запас ақшасына алады. Запас ақшаның доллармен тұрғаны дұрыс. Мен ақшаны депозитке сақтағанша банктен ячейка алып, сол жерде сақтаған дұрыс деп ойлаймын. Өткендегі Каспи банк пен Ресейдегі жағдайлар адамдардың кез келген жағдайда өз ақшаларын ала алмайтынын да көрсетті. Теңгемен де, доллармен де.

Енді 530-бен алған долларды қазір сатсаң ұтыласың. Қазір 450 мен алады. 5000 доллар сатсаң 400 000 теңге ұтыласың. Меніңше енді артқа жол жоқ. Не болса да күту керек. Ол алған долларды қайтадан сатпайынша сіз ұтылмайсыз. Ол кездегі теңгеңізге қазір одан көп доллар ала алатын едіңіз. Бірақ өмірдің бәрі тек жеңістен тұрмайды ғой. Арасында ұтыласыз. Сіздің жинаған теңгеңіз сабан болып кетуі да мүмкін еді. Ешқандай гарантия жоқ. Әзірге доллармен, еуромен не болмаса юаньмен ұстаған тиімді. Ұзақ мерзімде рубль бәрібір құнсызданады. Ресей әрине Иран немесе Венесуэла емес. Белгілі бір күші бар. Бірақ Ресей бәрібір өндіруші ел емес. Бензоколонка. Шикізат сатады, болды. Қазір экспорттары импорттан көп. Бірақ шикізат сататын елдердің бәрінде солай. Қазақстанның да экспорты импортынан көп. АҚШ немесе Еуроодақ елдерінде керісінше. Импорты экспортынан көп. Бірақ олардың ақшалары тұрақты. Рубль сияқты екі есе құнсызданбайды.

Сабит Рысбаев

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3577