Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1970 0 пікір 21 Сәуір, 2022 сағат 20:42

"E-Salyq Business" қосымшасы-кәсіпкерлерге арналған жаңа мобильді құрылғылар

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап "e-Salyq Business"мобильді қосымшасын әзірлеп, қолданысқа енгізді. Жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге арналған, бұл жаңадан тіркелген кәсіпкерлер үшін ерекше ыңғайлы.

Қосымша арнайы мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы немесе ағымдағы жылдың басынан бастап енгізілген Салық кодексінің ережелеріне сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық міндеттемелері мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерін орындауын оңайлатуға арналған.

Қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға және салық және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге және тиісті оңайлатылған декларация мерзімін толтыруға мүмкіндік береді. Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер "е-Salyq бизнес" мобильдік қосымшасының пайдаланушылары бола отырып, табыс алғанға дейін алдын ала (аванспен) салық және әлеуметтік төлемдерді және патент құнының есеп-қисабын ұсынудан босатылады.

Қосымшамен есептелген жеке табыс және әлеуметтік салық сомасын электрондық үкіметтің төлем шлюзінде жарияланған Халық банкінің сервисімен интеграцияны пайдалана отырып, тікелей мобильдік қосымшада төлеуге болады.

Бұдан басқа, кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін қосымшада салық әмиянының сервистері (оның ішінде берешекті қарау және өтеу, артық төлемді басқару бойынша), Мемлекеттік кірістер органдарының бірқатар хабарламаларын алу, сондай-ақ ЖК қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату сервисі қолжетімді. Қосымша "Play Market", "App Store" және "Қолданбалар галереясы"бағдарламаларында қолжетімді.

Шалхар Ақылжан Абдыхадирұлы
Алматы қаласы Алмалы ауданы
бойынша МКБ жанама салықты әкімшілендіру
бөлімінің басшысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364