Сенбі, 23 Қараша 2024
2300 0 пікір 22 Сәуір, 2022 сағат 12:19

Қамаудағы генерал Қарақұлов босап шықты

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы басшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұлов Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Сарыкемер қыстағындағы жарылыстарға қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері ІІМ-ге сілтеме жасай отырып хабарлады.

21 сәуірде Қарақұлов тергеу изоляторынан босап шыққаны мәлім болды. Оның қамауға алынғаны содан бір күн бұрын ғана хабарланған.

Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті әскери тергеу басқармасының хабарлауынша, Қарақұловты "бас прокурордың көмекшісі күдіктіні қамауда ұстау қажет емес деп танығанына байланысты" босатылған. Басқарма мәліметінше, іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Наурыз айында Қайдар Қарақұлов "Оңстүстік" өңірлік қосбасшылығының басшысы қызметінен босатылған.

2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданында қару-жарақ қоймасы жарылды. 17 адам қаза тапты. Бір адам із-түссіз жоғалды. Жүзге жуық адам жараланды. Жүздеген адам басқа жерге көшірілді. Қаза тапқандар арасында төтенше жағдай қызметінің, прокуратураның қызметкерлері мен әскерилер болды.

Былтырғы 10 қазанда Жамбыл облысы Сарыкемер қыстағындағы инженерлік қару-жарақ қоймасында тағы бір жарылыс болды. Қорғаныс министрлігі төтенше оқиға кезінде ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

2019 жылғы маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери қойма жарылып, төрт адам қаза тапты. 60 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Ресми мәлімет бойынша, Арыстағы жарылыстан 7 527 тұрғын үй және 103 көп қабатты үй қирады. Шамамен 500 үй мен үш көп қабатты үй сүрілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364