Бейсенбі, 17 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3430 2 пікір 30 Сәуір, 2022 сағат 15:33

Қоғам мен полиция арасындағы сенімді арттыру және нығайтуға арналған семинар өтті

Жуырда 26-28 сәуір аралығында БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы ҚР Ішкі істер министрлігі, Алматы академиясының базасында ІІМ-нің және ішкі істер органдары оқу орындары қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға арналған семинар өткізді. 

«Бүгінгі іс-шара Ішкі істер министрлігін ауқымды реформалау кезеңінде өтіп жатқандықтан өте өзекті. Сенім ұғымының өзі ішкі істер органдарының қызметіндегі көптеген салаларды қамтиды. Құқық қорғау қызметін бағалау критерийлерінің бірі – халықтың полицияға деген сенімінің деңгейі екені сөзсіз. Осыған байланысты полиция қызметін жетілдіру қажеттілігі халықтың сенімін бағалаумен байланысты», - деді ІІМ Алматы академиясының бастығы полиция полковнигі Айдар Сайтбеков.

Семинар барысында оған қатысушылар ішкі істер органдарының күнделікті жұмысына деген сенімді күшейту тұжырымдамалары мен стратегияларын іске асыру үшін басқару қағидаттарын қолдану мүмкіндігіне ие болды.

Полиция жұмысындағы жүйелі өзгерістерге бағытталған орнықты қадамдар жайлы пікірталастардың нәтижесінде семинарға  қатысушылар тұрғындармен неғұрлым тиімді жұмыс істеуге, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға байланысты және жергілікті полиция қызметін талдау бойынша құнды ұсыныстар әзірледі.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1958
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4797
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3961