Сенбі, 24 Қазан 2026
3706 12 пікір 3 Мамыр, 2022 сағат 14:39

Ресей Луганск пен Донецк облыстарын басып алуы мүмкін

Құрама Штаттардың мәліметінше, Ресей өзін өзі жариялаған Донецк халықтық республикасы ("ДХР") мен Луганск халықтық республикасын ("ЛХР") аннексиялап, Херсон облысының тәуелсіздігін танымақшы.

Бұл жөнінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының америкалық елшісі Майкл Карпентер барлау қызметіне сүйеніп мәлімдеді.

Мәскеу ресейшіл жікшілдер бақылайтын Луганск мен Донецк облыстарына Ресейге қосылуды қолдайтын "формалды түрде референдум" өткізбекші.

Майкл Карпентердің айтуынша, Ресей сонымен бірге референдумда Херсонның тәуелсіздігін де көтермекші.

Ол мұндай қадам мамыр айының ортасында өтуі мүмкін екенін жеткізді. Ол аталған қалалардың әкімдері мен жергілікті кеңес мүшелері кепілдікке алынып, интернет пен ұялы байланыс өшірілуі мүмкін екенін ескертті. Америкалық елші сол аймақтағы мектептерге орыс бағдарламалары енгізілуі мүмкін екенін де айтты.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1189
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1649