Болат Назарбаевтың ұлы қызметтен кетті
Қазақстандағы Коррупцияға қарсы қызмет Ербол Назарбаевтың жұмыстан кеткенін мәлімдеді. Ол - Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болаттың ұлы.
"2022 жылдың 26 қаңтарында Ербол Назарбаев агенттік төрағасының бұйрығымен арнайы департамент басшысы орынбасары қызметінен алынды", - делінген агенттік таратқан мәліметте.
Мекеме Ербол Назарбаевтың 14 сәуірде Коррупцияға қарсы қызметтен толық кеткенін жеткізді. Таяуда әлеуметтік желілерде полиция терезесі қарамен боялған қымбат көлікті тоқтатқаны жөнінде ақпарат жарияланған. Онда Болат Назарбаевтың туысы отырғаны айтылған.
Ербол Назарбаев лауазымды қызметке 2020 жылдың қараша айында тағайындалған. Қаңтар оқиғасынан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі төрағасы қызметінен кетті. Ол өзін "жәй ғана зейнеткермін" деп атап, видео мәлімдеме жасады.
Болат Назарбаев қаңтар оқиғасынан кейін Қырғызстан арқылы Дубайға қашып кеткен.
Abai.kz