Сенбі, 23 Қараша 2024
4088 11 пікір 4 Мамыр, 2022 сағат 15:26

"Орал, Павлодарды Ресейге берейік": Желі қолданушысы сотталуы мүмкін

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде дау тудырған желі қолданушысының үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады.

Желі қолданушысы Максим Яковченко Қазақстанның бірқатар қалаларын Ресейге беріп жіберуді талап етіп, қазақ халқына тіл тигізген.

«Әлеуметтік желі қолданушысы Максим Яковенко қоғамда кең резонанс тудырған арандатушылық ақпараттан тұратын жазба жариялады. Ол өз жазбасында Қазақстанның бірнеше қаласын Ресейге беру керектігін жазады. Осы мәлімдемесімен ол ұлтаралық араздықты тудырды. Аталған факті бойынша полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Ұлтаралық араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады БҚО полициясы.

Полиция департаменті әлеуметтік желіде арандатуға баруға болмайтынын айтады және желі қолданушыларын сыйластыққа шақырды. «Барлық азаматтар бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасты сақтауы керек, мұндай әрекеттің бір ғана мақсаты – қоғамымызда түсінбеушілік тудырып, жанжалдарға себепкер болу. Сондықтан абай болыңыз және арандатушылыққа бой алдырмаңыз», - деп толықтырды тәртіп сақшылары.

Ал Максим Яковченконың өзі болса халықтан кешірім сұрап, 15 жасында соққыға жығылып, ауруханада ем алғанын айтқан видеосы жарияланды.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357