Сенбі, 23 Қараша 2024
2107 0 пікір 10 Мамыр, 2022 сағат 14:52

Украина: Қырым көпірін міндетті түрде жоямыз

"Қырым көпірін міндетті түрде жоямыз, бұл уақыт мәселесі", - деп мәлімдеді Украинаның ішкі істер министрінің кеңесшісі Виктор Андрусив.

"Тапсырманы орындау үшін украин армиясында қажетті қарулар бар, бірақ Азов теңізіне тағы да жақын жылжуымыз керек", - деді Виктор Андрусив.

"Вот так" басылымы бірнеше күн бұрын Қырым көпірі 9 мамыр күні жарылуы мүмкін деген ақпарат таратқан.

Осының алдында Латвия қарулы күштерінің өкілі Янис Слайдиньш те 9 мамыр күні украин әскері Қырым көпіріне соққы беруі мүмкін деген болжамын айтқан. Бұл маңызды стратегиялық нысан екенін, егер ол жойылса, Ресей үшін ауыр соққы болатынын айтқан.

Ресей мен аннексияланған Қырымды қосатын көпір 2019 жылы салынған. Оның қашықтығы - 19 шақырым. Құрылысты салуға 250 млрд рубль жұмсалған.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері Азов теңізінің жағалауын толық бақылауына алған. Бұл әзіге РФ үшін Қырым түбегін толық бақылауға мүмкіндік беріп тұр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394