Сейсенбі, 1 Қыркүйек 2026
2996 0 пікір 11 Мамыр, 2022 сағат 14:45

АҚШ Украинаға 40 млрд доллар бөлді

Сейсенбі күні Конгресстің Өкілдер палатасы басым дауыспен Украинаға әскери, экономикалық және гуманитарлық көмек ретінде 40 млрд доллар көмек көрсету жөніндегі заң жобасын қолдап дауыс берді.

Бұл Джо Байден әкімшілігі сұрағаннан 7 млрд долларға көп. Конгресс Ресей Украинаға шабуыл бастағаннан бері екінші рет ірі көлемде сомада көмектесіп жатыр. Наурыз айында 13,6 млрд доллар бөлген. Жалпы 24 ақпаннан бері Америка Украинаға 50 млрд доллар көмек көрсетті.

Конгресстің төменгі палатасында сөз сөйлеген Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси АҚШ Украинаны қолдай отырып, диктатураға қарсы күреседі деді.

"Демократия жеңіске жетуі тиіс. Украина халқы өзінің және біздің демократия үшін күреседі", - деді ол.

Соңғы бөлінген сомадағы 15 млрд доллар украин армиясына әскери техника сатып алуға жұмсалады. 14 млрд доллар украин босқындарына гуманитарлық көмек ретінде, 5 млрд доллар астық тапшылығын жоюға, бидай, жүгері сатып алуға беріледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 158
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 245
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 164
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 164