Қазақ балаларының орыс тілінен кетуі
Атақты Nickelodeon қазақ тіліне көшетін болды. Оның алдында Paramount қазақтілді аудитория аясын, оның кеңеюі мүмкіндігін ұзақ уақыт зерттеген болатын. Біз де шағын үлес қостық. Ақырында Paramount қазақ тілі позициясының мықты екеніне, оның болашағы еш күмәнсіз екеніне сенді. Paramount ештеңені бекер істемейді.
Бұл біз үшін болашақтағы рөлі үлкен, өте маңызды жаңалық. Никелодеон Балапан арнасына қазақ тілін келешек ұрпаққа сіңіру бойынша үлкен қолдау беретін болады. Тіпті осы бағытта Балапан емес, Никелодеон бірінші рөлге шығуы мүмкін.
Биыл 354 премьералық эпизод қазақша шықпақ. Олардың арасында "Губка Боб Шаршы Шалбар", "Смурфики", "Варварка және тролль", "Элвин мен ала тышқан", "Жұлдызды жол: Протостар" және "Трансформерлер" сияқты танымал анимациялық шоулар, сондай-ақ "Тыс аймақ" және "Рок аралының құпиялары" жаңа телехикаялары бар.
Енді Сізге тек балаңызға теледидардан қазақша Никелодеонды қосу ғана қалды. Қалған жұмыстың барлығын Paramount істеп бермек. Менің бағалауымша, осы қадам балалар арасындағы қазақ тілінің өрісін шамамен 20 пайызға арттыра алады.
Айбар Олжаев
Abai.kz