Сәрсенбі, 25 Мамыр 2022
741 9 пікір 13 Мамыр, 2022 сағат 12:34

"Нағыз Атажұрт" ұйымы партия құрмақ

Шыңжаңда қуғын көрген қазақтардың құқығын қорғаумен айналысатын "Нағыз Атажұрт" ұйым өкілдері (олар өздерін "Нағыз Атажұрт еріктілері" деп те атайды) саяси партия құратынын мәлімдеді.

Ұйым өкілдері 12 мамырда Алматыда ұйымдастырған баспасөз жиынында осылай деді. Бұл шараға шамамен 60 шақты адам қатысты.

"Ондағы мақсатымыз - халқымыздың әдет-ғұрпына, өткен және бүгінгі тарихына, тілдік ерекшелігімізге, ұлттық санамызға негізделе отырып, жаңа әділ демократиялық саяси жүйе қалыптастыруға белсене араласу" деді ұйым мәлімдемесін оқыған "Нағыз Атажұрт" ұйымының жетекшісі Бекзат Мақсұтханұлы.

Ол Шыңжаңдағы туыстарын қайтара алмай отырған азаматтардың мәселелері әлі күнге дейін шешілмей отырғанын алға тартып, Қазақстан билігін сынады. "Қаңтар қырғыны қазіргі билікке Қазақстан азаматтарының тағдыры түкке тұрғысыз екенін көрсетті, мұны санамызбен түйдік... Қазақстанда заң институттары түзелмей, әділет үстемдік құрмай, шетел қазақтарының мәселесін шешу мүмкін емес екенін ұғындық" деді партия құру туралы шешімін түсіндірген ол.

Abai.kz

9 пікір