Жұма, 4 Қыркүйек 2026
3476 0 пікір 16 Мамыр, 2022 сағат 12:49

Өзбек пен Қырғыз шекараны шегендей бастады

Қырғыз-өзбек шекарасын демаркациялау жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының алғашқы отырысы 5-7 мамыр аралығында Бішкекте өтті.

Былтыр наурызда Өзбекстанға сапарлап барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көрші елмен шекара мәселесін үш айда шешуге келіскенін мәлімдеген.

Бірақ бұл мәселені шешу тағы бірнеше жылға созылатыны белгілі болып қалды. Өйткені көрші елдер арасында даулы жерлер бар.

Қырғызстан үкіметінің шекара мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Нәзірбек Борубаевтың хабарлауынша, 5-7 мамырдағы келіссөздерде Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы шекараны демаркациялауды бастау жөнінде келісім жасалған.

"Нобайы айқындалған шекараны демаркациялау жөніндегі алғашқы келіссөз. Біз өзбек жағымен ортақ келісім жасадық. Жазда шекара сызығын белгілей бастаймыз. Аумағы анықталған облыстар шегі белгіленеді. Басқа да облыстар бойынша келіссөздер өтеді", - деді Борубаев.

Оның айтуынша, келесі кездесу Өзбекстанда ұйымдастырылады.

Қырғызстан мен Өзбекстанның ортақ шекарасы 1378 шақырымға созылып жатыр, 2017 жылға дейін соның 1170 шақырымының немесе 85 пайызының мәртебесі анықталған. Шекараның 13 пайызы нақтыланбаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 823
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2186
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 555
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 535