Сенбі, 23 Қараша 2024
2101 6 пікір 16 Мамыр, 2022 сағат 13:57

Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарыла ма?

Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов өзінің әлеуметтік парақшасында «Қытайда есірткі тасымалы бойынша сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі биыл қайта қарауы мүмкін екенін»,- айтты. Алайда оның Қазақстанға нақты қай күні қайтарылатыны, қандай жаза қолданылатыны белгісіз.

«ҚР сотталған азаматтарын беру 30.09.2015 ж.Бейжіңде қол қойылған екі жақты шартпен реттеледі.

Барлық елдерде мұндай келісім жоқ. Бұл факт!

Сотталушыны беру келесі процедуралардан тұрады :

  1. Өмір бойы бас бостандығынан айырудан белгілі бір уақытқа бас бостандығынан айыруға жазаны қайта қарау туралы шешім (кезеңмен есептелетін) – сотталушыны беруге тікелей ықпал етеді.
  2. ҚР Бас прокуратурасына беру туралы қолдаухат Жолдау. Қолдаухатты мен 2016 жылдың сәуір айында бастадым.
  3. БП мен ҚР СІМ-нің Қытай тарапымен бағдарламаны орындау бойынша өзара іс-қимылы.

Өте маңызды сәт. Жазаны қайта қарау биылғы жылы болуы мүмкін.

Президент Қ. К. Тоқаев 2019 жылғы қыркүйекте ҚХР-ға сапары барысында Қытайды гуманизм танытуға және Ақжарқынның Қазақстанға оралуына жәрдемдесуге шақырды», - деп жазды адвокат.

Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Қытайда «есірткі тасымалдады» деген күдікке ілініп, ұсталған. 2019 жылы Гуанжоу қаласы сотының шешімімен өмір бойы бас бостандығынан айырылады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5482