Жұма, 4 Қыркүйек 2026
2731 0 пікір 17 Мамыр, 2022 сағат 14:32

Қаржы пирамидасын құрған блогерлердің мүлкі тәркіленді

«Mudarabah Capital» қаржы пирамидасын ұйымдастыру бойынша 14 күдікті тергеліп жатыр. Бұл туралы арнайы брифингте Ішкі істер министрлігінің департамент басшысы мәлімдеді.

- «3 блогер осы қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды, екеуіне қатысты «кепіл» түріндегі, біреуіне «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдіктілердің бірі тергеу органдарынан жалтарып жүр. Ол сырттай тұтқынға алынып, халықаралық іздеу жарияланды»,— деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.

Күдіктілердің ішінде танымал вайнер әрі блогер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзізжан Саидбаев бар.

Қазір жоғарыда аталған тұлғалардың және туыстарының мүлкі, атап айтсақ, 4 жер учаскесі, 10 пәтер, 1 дүкен, 5 үй мен 2 автокөлік тәркіленіп алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 820
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2173
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 553
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 530