Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2794 1 пікір 17 Мамыр, 2022 сағат 14:40

Қоғам шындыққа тура қарай алмайды

ҚР Конституциясының 33 бабына 56 толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша референдум өтейін деп жатыр. Мені таңқалдыратын бір жағдай бар. Осынша 33 бапқа 56 өзгеріс енгізу бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары неге кешенді түрде жүргізілмей жатыр? Бұл Республиканың тағдырын шешетін Конституцияға өзгеріс қой.
Сонда халық ертең референдумда осыншама өзгерістерге бір бюллетеньмен бір түртіп жауап бере сала ма?
Өте қисынсыз.

Екіншіден, қоғамның референдуммен шаруасы жоқ. Референдум өтеді, дайын болайық деген бұқараны көріп тұрған жоқпын. Мұны қаперіне ілмеген қоғам Конституциядағы 33 баптың 56 жеріне толықтырулар мен өзгеріс енетініне, әрбіріне үңіліп қарауға құлық танытады деп ойлайсыз ба? Кезінде Назарбаевтың әрбір жолдауын Конституциядан жоғары қойып, халыққа түсіндіру үшін барын салатын шабармандар дәл осы жолы неге пассив? Астары белгілі.

Үшіншіден, референдум өтетін уақыт бір қадам жерде тұр. Көзіңді ашып жұмғанша келе салады. Неге сонша тақап қойған? Кім қайда қарап үлгере алады? Мұны ойлаған адамдар бар ма? Неге елдің талқысына түспейді? Дәл мынау кеселі ауыр қоғамға біраз уақыт беріп, кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қандай кедергі болып тұр? Шынымды айтсам, таң қалып отырмын.
Мынау тірліктерден дұрыс нәтиже болмайды. Алдын-ала айта салайын.
Жалпы, бізге қандай дұрыс басшы келсе де Назарбаев сияқты нағыз диктатор болады. Оған ең алдымен қоғамның өзі үлес қосады, жол береді.
Шынын айтайын, мынау қоғам тұтас жойылып кетсе де, шындыққа ешқашан тура қарай алмайды. Арам сайлау өткізетін қылмыскер мұғалімдерді ақтау үшін бәріне барып тұрған қоғамнан ештеңе күтпей-ақ қойсақ болады.

Бекболат Қаржан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5506