Республиклық "Абайтану" олимпиадасы өтіп жатыр
Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында IV республиклық "Абайтану" олимпиадасы өтуде, деп хабарлайды Abai.kz "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.
Республикалық олимпиадаға облыстық, қалалық деңгейден жеңіске жеткен оқушылар қатысып жатыр. Жарысқа қатысуға жалпы саны 130 оқушы: 14 облыс, 3 қала, Республикалық білім беру ұйымдары, НЗМ ДББҰ, Абай мектептері желісінен келген.
Ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіруге бағытталған олимпиаданың мақсаты – М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілу, Абайдың шығармашылығы мен өнегелі өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдану, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сол арқылы Абай өлеңдерінің мән-маңызы мен қадір-қасиетін түсіну, Абай қарасөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын ұғыну, Абайша ойлауға ұмтылу, сөйлеу мәдениетін үйренуге, тіл тазалығын сақтауға дағдылану және күнделікті өмірде қолдану.
Республикалық олимпиада жеңімпаздарын белгілі абайтанушы, әдебиетшы-тілші, зерттеушілер анықтайды. Жүлдегерлер бағалы сыйлықпен марапатталады. Жан-жақтан жиналған жарысқа қатысушылар М.Әуезов атындағы театрға барып, қойылым тамашаласа, жетекшілерге арналған коучинг-семинар өтеді.
Abai.kz