Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
3654 1 пікір 20 Мамыр, 2022 сағат 14:56

АҚШ Украинаға $40 млрд қосымша көмек береді

АҚШ Конгрессінің Сенаты Украинаға 40 млрн доллар көлемінде қосымша көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Америка дауысы хабарлады.

Қаражат Украина мен көрші елдерге әскери көмек беру ісі мен қару-жарақ жеткізуге жұмсалады.

Миллиардтаған доллар экономикалық және гуманитарлық көмек ретінде бөлінеді. Жанжалдан кейін туындаған ғаламдық азық-түлік дағдарысы мәселелерін шешуге ақша қарастырылған, деп жазды басылым.

Сенат 13 мамырда бұл құжатты қабылдай алмады, өйткені оған республикашыл Рэнд Пол бөгет жасаған. Саясаткер заң жобасына жұмсалатын ақша аудит жүргізетін федералдық инспектор шығынын есептеп қосуды талап еткен.

Шамамен 40 млрд доллар бөлу жөніндегі заң жобасын 10 мамырда Конгресстің төменгі палатасы қабылдаған. АҚШ президенті Джо Байден Конгресстен Украинаға 33 млрд доллар бөлуін сұраған, бірақ конгрессмендер қаражатты көбейту керек деп шешті. Заң жобасына Джо Байден қол қояды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 954
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2452
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 655
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 637