Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
3976 0 пікір 20 Мамыр, 2022 сағат 15:13

Түркия Қазақстанға инвестиция құйған жетекші бес елдің бірі

Түркия астанасы Анкара қаласында Қазақстан елшілігінің бас болуымен «Қазақстандағы қайта құру үрдісі: Жаңару мен жаңғыру жол» деген тақырыпта басқосу болып өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жиын барсында сөз сөйлеген Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркбұлан Сапиев таяуда ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға жасаған жұмыс сапары екі ел арасындағы байланысты бекемдеп, жаңа кезеңге шығарғанын алға тартты.

Өз кезігінде елші «Біз ең алғаш тәуелсіздігімізге ие болғанда, Қазақстанды Тәуелсіз ел ретінде бірінші болып Түркия таныған болатын. Біздер түрік ағайындардың сол кездегі қолдауын ешқашан ұмытпаймыз» деді.

Жиын барысында елші Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға жасаған жұмыс сапары кезінде құны 1,4 млрд долларға бағаланған келсім-шарттарға қол қойылғанын тілге тиек етті.

– Бүгінде Түркия Қазақстанға инвестиция құйып отырған топ 5 елдің қатарында. Соңғы жылдары Түркиядан Қазақстанға бағытталған тікелей инвестицияның көлемі жыл өткен сайын артып келеді. Айталық, 2019 жылы Түркияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 358 млн доллар болса, 2020 жылы ол 363 млн долларға өсті. Ал 2021 жылы түрік инвестициясының көлемі 680 млн долларға жоғарлады, – деді елші Еркебұлан Сапиев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 949
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2441
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 652
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 635