Сенбі, 23 Қараша 2024
3868 8 пікір 20 Мамыр, 2022 сағат 16:08

"Роскосмос" қоқан-лоқы көрсетуде

"Роскосмостың" бас директоры Дмитрий Рогозин «Сармат» баллистикалық зымыраны Ресейге ұнамай қалған континенттің жартысын жойып жібере алатынын айтты.

«Мұндай зымыран агрессивті саясатымен бізге ұнамай қалған жердің жартысын жоқ қылып жібере алады»,- деді ол.

Сәуір айының соңында Рогозин "Роскосмос" «Сарматтың» стратегиялық мақсаттағы 46 әскери кешенін шығаратынын айтты. Оның айтуынша, 2022 жылға ұшу-конструкторлық сынақтар өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Красноярск өлкесіндегі бірінші полкті жабдықтауға арналған сериялық зымырандар шығарылады.

20 сәуірде Ресей Қорғаныс министрлігі РС-28 "Сармат" құрлықаралық зымыранының алғаш Плесецк ғарыш айлағынан сәтті ұшырылғаны туралы хабарлаған болатын.

Қазіргі уақытта Красноярск өлкесіндегі бас зымыран полкін жаңа зымыран кешенімен қайта жарақтандыруға дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Батыс журналистері «Сарматты» «жерді тозаққа айналдыра алатын» қару деп атады.

 

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456