«Ресей - фашистік мемлекет деп айтылуы керек»
"New York Times" газетіне америкалық белгілі тарихшы Тимоти Снайдердің «Ресей-фашистік мемлекет» деп айтылуы керек», - деген мақаласы жарық көрді.
Автор Шығыс Еуропа тарихына маманданған. Ол «Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік Германия жеңілді, бірақ фашизм идеологиясы жойылған жоқ», - дейді.
Осы уақытқа дейін Гитлер мен Холокост оқиғасы фашизмнің жарқын мысалы ретінде саналып келді. Бірақ бұл өте кішкентай ғана мысал. Фашизм Еуропаның көптеген елдерінде әртүрлі уақытта және әртүрлі масштабта жүрді. Фашизм әрқашан біреудің «қалауын» орындау жолындағы жеңіске ұмтылу болып келді. Дәл қазір осы сипаттаманы Ресейден көріп отырмыз. Ресей нағыз фашистік жойқын соғысты жүргізіп отыр.
Көптеген тарихшылардың фашизмге берген сипаттамасы бүгінгі Ресейдің іс-қимылына сәйкес келеді.
▪ Жеке басқа табыну (Владимир Путин)
▪ Ұлы бір нәрсе жасау жолында құрбан болғандарды ұлықтау (ҰОС жеңісі)
▪ Империяның бұрынғы ұлылығы туралы аңыз тарату және сол ұлылықты қайтару ниеті
▪ Насихат машинасының күштілігі
▪ Көрнекі таңбалар өзіне тиесілі белгі ретінде қолданылуы (Z және V)
▪ Көсемді қолпаштайтын жаппай іс-шаралардың жүргізілуі
▪ Адамдардың белгілі бір тобына деген жеккөрушілікті өршіту
Гитлерлік Германия мен Путиндік Ресейдің арасында ұқсастық таңғалдырады. Ресей оның жолын жаңн-жағын қайғы-қасіретке батыра отырып қайталап жатыр.
Бір кездері фашистерді жеңген елдің өзі фашист бола алмайды деп ойлау қате. Өйткені, тарихтың белгілі бір кезеңіне дейін фашизм Кеңес Одағында жеккөрінішті идея болған емес. 1939 жылы КСРО мен Германия одақтастық келісіме келді. Нацистік көшбасшылардың сөйлеген сөздері кеңестік баспасөзде басылып шығып жатты. Сол кездегі Германия билігі КСРО-ның шағын халықтарды депортациялау саясатын екі қолын шапаттап тұрып қолдады. Белгілі нацист, философ және ойшыл Карл Шмитт айтқандай «фашистік саясат бірінші жауды анықтаудан басталады». Кеңес Одағы өзінің бүкіл ғұмырында осымен айналысты емес пе? Путиннің қазір "антифашизм" терминін жамалып осымен айналысып отыр емес пе?
Украиндар Ресей президенті үшін нацистер, өйткені олар өздерін орыспыз деп санамайды және Ресейге қарсы тұруға батылы жетеді. Путиннің Украинаны жою жоспарына қарсы шыққан кез-келген адам нацизм мен фашизмнің жақтаушысы болып есептеледі.
Украинаға қарсы соғыс- бұл фашистік ұрыс алаңына оралу ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі фашистік сөздер мен тәжірибеге қайта оралу.
▪ Басқа адамдар отарлану үшін жаралған
▪ Ресей өзінің «баяғы батырлық көрсеткен кезі» үшін кінәлі емес
▪ Украинаның жер бетінде өмір сүруі -бұл халықаралық қасақана қастандық
▪ Соғыс- қарымта қайтарудың жалғыз жолы
Снайдер «жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар», деп жазады. Фашистік көшбасшы толықтай әрі қайта тұрмастай жеңілуі керек.
Abai.kz