Жексенбі, 11 Қазан 2026
2444 0 пікір 23 Мамыр, 2022 сағат 13:46

Литва Ресей газы мен мұнайынан бас тартпақ

Литва Ресейден газ да, мұнай да, электр энергиясын да алмайды. Бұл туралы Литваның энергетика министрі Дайнюс Кревис мәлімдеді.

"Бұл Литваның энергетикалық тәуелсіздікке жету жолындағы  өте маңызды қадам ғана емес. Бұл жерінде соғыс болып жатқан Украинаға деген қолдауымыздың көрінісі, Ресейдің әскери машинасын біздің ақшамызға қаржыландыруға мүмкіндік бере алмаймыз", - деді Литва министрі.

22 мамырдан бастап елге Ресейдің газ, мұнай, электр энергиясын кіргізу тоқтатылды. Ендігі кезекте Литваның электр энергиясына мұқтаждығын жергілікті электр станциялары өтейтін болады. Сондай-ақ Еуропалық Одақ елдерінен импортталады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 937
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1256