Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3116 9 пікір 24 Мамыр, 2022 сағат 14:45

Тұрсынбек Қабатов саяси партия құрмақ

Елімізге танымал әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов «Абырой» атты саяси партия құрмақ.  Партия бағдарламасына өзге де міндеттермен қатар бірліктің бірегей қазақстандық моделін сақтап қалу және арттыру, елімізде өмір сүретін барлық халықтардың арасындағы берік достықты күшейту кіреді.

Қабатов саяси партия құру арқылы еліміздің барлық азаматтарының басын біріктіргісі келеді.

Актер 2019 жылы бұрынғы «Нұр Отан» партиясының құрамына қабылданған. Партия құрамына қабылдаудың салтанатты шарасында бұрынғы «Нұр Отан» төрағасының орынбасары болған Бауыржан Байбек Қабатов туралы жүрек тебірентер оқиғасымен бөліскен еді.

«Мен Алматыдан Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақта едім, қасымда Тұрсынбек Қабатов отырды. Бір жарым сағат бойы мен оған партия туралы, Елбасы мен Мемлекет басшысының бастамалары мен партияны қайта жандандыру аясында атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы әңгімеледім. Біз ұшақтан түскен кезде ол осынау атқарылып жатқан жұмыстарға өзінің де атсалысқысы келетінін айтты» – деді Байбек.

 

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530