Сенбі, 3 Қазан 2026
3139 3 пікір 24 Мамыр, 2022 сағат 14:58

Зеленский: Путиннен өзге Ресей өкілімен кездеспеймін

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен тек қақтығысты тоқтату мәселесі бойынша кездесуге дайын екенін айтты. 

"Мен Путиннен басқа Ресей өкілдерімен кездеспеймін. Екі мемлекет басшысы қозғауы керек басты мәселе - соғысты тоқтату. Бұдан басқа көтерілетін мәселе де жоқ", - дейді Украина президенті.

Зеленский дәл қазір Путинмен жеке кездесудің қиын екенін айтты.

"Ресей басшысымен кездесу ұйымдастыру оңай болмай тұр. Дегенмен біз жанжалды аяқтауға тырысуымыз керек", - деп қосты ол.

Сонымен қатар, Киев тұтқындарды шұғыл алмастыруға дайын екенін білдірді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 488
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 730