Сенбі, 23 Қараша 2024
2329 2 пікір 25 Мамыр, 2022 сағат 14:53

Қаңтар оқиғасы: Төрт адам алты жылға сотталды

Алматыдағы сот қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша төрт айыпталушының әрқайсын алты жылға соттады. Бұл туралы Азаттыққа 24 мамырда қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Төртеуі де өткен аптада "Қарақшылық" бабының 3-тармағы негізінде қозғалған бір қылмыстық іс бойынша сотталған. Қылмыс "төтенше жағдай кезінде жасалғандықтан" жаза ауырлатылған. Істің басқа да мән-жайы хабарланбады. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 16-20 мамыр аралығында Алматының қылмыстық соттарында 11 үкім шыққан. Он істегі 17 адам бас бостандығынан айрылған. 11 істің тоғызы "Ұрлық" бабы негізінде қозғалып, 15 адамның ісі қаралған.

Қазақстан билігінің мәлімдеуінше, қаңтар оқиғасы кезінде және кейін ұсталғандар азаптауға қатысты 200-ден астам арыз түсірген. Шағымдар негізінде қылмыстық істер қозғалған. Әзірге күш құрылымдарының бар болғаны 11 қызметкері күдікті атанғаны мәлім.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда қаңтар оқиғасындағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған 238 адамның кем дегенде сегізі "тергеудің заңға қайшы әрекеті" салдарынан көз жұмған.

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарға қатысты істер әділ тергелмей, іс материалдары бір мекемеден екіншісіне еш нәтижесіз өтіп жатқанын мамыр айында халықаралық Human Rights Watch адам құқықтарын қорғау ұйымы хабарлады. Ұйым билікті тергеу жүргізетін тәуелсіз орган құрып, оның құрамына халықаралық сарапшы тартуға шақырды.

Қазақстан билігі қаңтар оқиғасын шетел сарапшыларының қатысуымен тергеу ұсынысын қабылдамады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377