Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
4138 0 пікір 25 Мамыр, 2022 сағат 20:58

Түркия лаңкестікке қарсы әскери операциясын бастайды

«Анкара Сириядағы күрдтерге қарсы жаңа шабуылды жоспарлап отыр. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның сөзінше, әскери операцияның мақсаты террористік қауіпті басу үшін Түркияның оңтүстік шекарасынан ені 30 км қауіпсіздік аймағын құру»,-деп жазды dw.com онлайн басылымы.

Анкара Күрд жұмысшылар партиясын (KRP) және халықтық өзін-өзі қорғау бөлімшелерін (YPG, "Сирия демократиялық күштері" Альянсының құрамына кіреді) террористік ұйымдар деп атайды.

«Біз оңтүстік шекараларымыздың бойында 30 шақырымдық қауіпсіздік аймағын құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. «Бейбітшілік көзі» операциясы Түркияға қатысты террористік қауіпті бейтараптандырады және сириялық босқындардың туған жерлеріне жайлы оралуын жеңілдететін қауіпсіз аймақ құруға мүмкіндік береді. Біз Сирияның аумақтық тұтастығын сақтап, аймақ халқын лаңкестерден азат етеміз» деді Түркия президенті Режеп Ердоған.

Бұған дейін де Түркия бірнеше рет лаңкестікке қарсы операциялар жүргізген. Олардың ішінде «Евфрат қалқаны», «Зәйтүн бұтағы» және «Көктемгі қалқан» атты әскери операциялар болды.

 

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1283
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2832
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 934
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 877