Сенбі, 23 Қараша 2024
1653 3 пікір 26 Мамыр, 2022 сағат 13:11

Министр: Инфляция - сау экономика нышаны

"Ұлттық валютаның "шынайы бағамы" енді қалыптасты”,- деді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров журналистерге берген жауабында.

Оның айтуынша,ақпан-наурыз айларында теңге бағамының құлдырауына бірнеше жағдай әсер еткен, бизнес пен халықтың даурығуы да долларға сұранысты арттырған көрінеді.

"Одан соң жағдай тұрақталды, қазір әлдеқайда жақсарғанын көріп отырмыз. Соған қарамастан біз наурыз айында-ақ бюджет пен болжамды нақтылап, бюджеттегі доллар бағамын 460 теңгеге дейін көтердік", - деді министр.

Биыл наурыз айында ұлттық валюта бағамы доллорға шаққанда 510 теңгеге көтерілген. Қазір ол нығая бастады. 25 мамырдағы Қазақстан қор биржасының (KASE) күндізгі саудасында доллардың теңгеге шаққандағы орташа бағамы 415,12 теңгеге тұрақтады. Дегенмен сарапшылар теңге нығайғанымен инфляция арта беретінін айтады. Экономист Арман Байтановтың пікірінше, рубль қымбаттағандықтан, Ұлттық банк теңгені нығайтады. Себебі, ресейлік тауарлардың қымбаттауы инфляцияға ұшыратады. Ақпан-наурыз айларында 1 рубль 5 теңгеден арзанға бағаланса, қазір рубль 7 теңгеге дейін көтерілді.

Сәуір айында Қазақстан инфляция көрсеткіші бойынша Еуразия экономика одағы елдері арасында екінші орын алды. Мамырдың басында Қазақстан Ұлттық банкі инфляция 13,2 пайызға артқанын мәлімдеген. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың пікірінше, "инфляция - сау экономика нышаны", инфляция болмағаны "экономиканың тұралап қалғанын" білдіреді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354