Сенбі, 23 Қараша 2024
2801 3 пікір 26 Мамыр, 2022 сағат 13:32

Жазушы Торғын Жолдасбекқызы өмірден өтті

Белгілі жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында өмірден өтті.

Бұл туралы фейсбук парақшасында Дәурен Дариябек жазба қалдырды.

"Қараторғай, бақұл бол! Бұрымды қыз артына бұрылмай арғы дүниеге аттаныпты. Қимастық кеудені кеулеп барады. Торғынның тағдыры - адамзатқа өмірдің мәнін ұқтыру болған секілді. Жаннан кешкен жазушы бар болмысымен, шынайы қалпында ғұмыр кешуді үйретіп кетті.

Торғын Жолдасбекқызы - "Араша" және "Кеш қалма" кітаптарының авторы. Жазушының жүзге жуық шағын әңгімелері түрлі басылымдарда шыққан. Жазушының соңғы шығармалары оның өмір жолындағы естеліктері мен әлеуметтік тақырыптарды қамтиды. Жазушының артында кәмелет жасына толмаған қызы қалды.

Abai.kz ақпараттық порталы жазушының отбасына, жақын-жуықтарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352