Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2381 0 пікір 26 Мамыр, 2022 сағат 13:38

Алатау дәстүрлі өнер театры гастрольдік іс-сапарға шықты

Қазақ қоғамының қоғамдық санасының көркем формасы саналатын дәстүрлі өнер – ұлтымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы. Әлемге мейманамыз тасып көрсете алатын Ұлы дала елінің бренді.

Келешекке нық қадам басқан «Алатау» дәстүрлі өнер театры өзінің бағыты бойынша Қазақстанда, тіпті Орта Азияда баламасы жоқ бірегей театр. Театр мақсаты – падиша дәстүрлі өнеріміздің қанатын кеңге жаю. Көрермендердің дәстүрлі өнер ордасына деген ынта-ықыластарының күннен-күнге артып келе жатқанын әлеуметтік желілер, баспасөз беттерінен және т.б. көруге болады. Бұл ұлт рухының жаршысына айналған Театр үшін ғана емес, күллі қазақ үшін үлкен абырой.

Алатау» дәстүрлі өнер театры 2022 жылдың 10-26 маусым аралығында

  • «Әгугай мен Игигай» атты халық ертегілері мен дәстүрлі әндерден құралған балаларға арналған музыкалық ЕРТЕГІ (2022 – Балалар жылы аясында),
  • «Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші,
  • айтыскер ақын Ринат Заитовтың «Мен сендерді жақсы көремін, адамдар» атты музыкалық кеші,
  • «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен (ПРЕМЬЕРА,М.Әуезовтың 125 жылдығына орай)

Нұр-Сұлтан, Павлодар, Екібастұз, Семей, Өскемен, Абай және Аягөзге гастрөлдік сапарлармен  баруды жоспарлап отыр. Бұл сапардың Театр үшін тұңғыш рет екенін айта кеткен жөн.

Төл өнерімізді төрге өрлетер Алатау» дәстүрлі өнер театрының гастрөлдік сапары оңынан болғай!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2271
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584