Жұма, 22 Қараша 2024
2412 3 пікір 26 Мамыр, 2022 сағат 14:11

Дәрігерлердің жалақысы көбейеді

«2025 жылға дейін дәрігерлердің жалақысы айына 320 мыңнан 531 мың теңгеге дейін, ал, орта медициналық қызметкерлердің еңбекақысы 173 мыңнан 250 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Сондай-ақ "Самұрық-Қазына"қоры қызметкерлерінің де жалақысы көтеріледі. Халықтың табысын арттыру бағдарламасы 850 мың бюджет қызметкерін қамтитын болады.

"Қордың ішкі резервінен қызметкерлердің кірістерін ұлғайту бойынша жұмыс жалғасады. Жыл соңына дейін тағы төрт компанияда өндірістік қызметкерлердің жалақысы 5 пайыздан  18 пайызға дейін өседі", - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Ол сонымен қатар 2022 жылғы сәуірден  бастап Қор компаниялары тобының өндірістік қызметкерлерінің жалақысы 5 пайыздан 48 пайызға дейін өскенін хабарлады.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290