Жұма, 22 Қараша 2024
2252 1 пікір 30 Мамыр, 2022 сағат 13:52

"Елбасы" cтатусы жайлы Назарбаев не дейді?

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Елбасы мәртебесінің Конституциядан алынып тасталуы мүмкін екендігіне түсініктеме беріп, 5 маусымда республикалық референдумға қатысатынын мәлімдеді. Назарбаев ұзақ жылдар бойы президент Тоқаевтың Қазақстанды реформалау жөніндегі іс-әрекеттерін жан-жақты қолдап келе жатқанын саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұқбатында айтты.  

"Иә, 5 маусымда мен Конституциялық құқығымды міндетті түрде пайланып, референдумда дауыс беруге қатысамын. Мен еліміздің Негізгі Заңы — қатып қалған құқықтық ұғым емес, қоғамның өмірін, ондағы болып жатқан өзгерістерді көрсететін тірі тетік екенін үнемі айтып келемін. Өзгерістер бұрын да енгізілген", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол уақыт талабына сай Конституцияға енгізілетін өзгерістер қоғамның алға басуына, елдің демократиялы дамуына үлес қосатын болса, әр ауысқан ұрпақ Ата заңға өзгеріс енгізуге құқылы екенін айтады.

"Басқалар сияқты мен де елімізде болып жатқан өзгерістер мемлекетіміз пен халқымыздың мүддесі үшін болуы керек деп ойлаймын. Мен үшін бәрінен де маңыздысы өзімнен кейін халқыма не қалдыратыным болды. 2019 жылы мен саналы қадам жасап, көпшіліктің қарсылығына қарамастан Мемлекет басшысы қызметінен кеттім. Ол халық қолдауының шыңына жеткен уақыт болатын. Бұған 2015 жылғы соңғы президенттік сайлауда 97,7% дауыс алғаным дәлел бола алады", — деді Тұңғыш президент.

Ол өзінен кейін билікті президент Тоқаевқа тапсырғанын, билік транзитінің жұмсақ өтуі "қоғам мен билік элитасы арасындағы ықтимал қайшылықты" жеңілдеткенін мәлімдеді.

"Осы жылдар ішінде мен оның елімізді реформалау мен одан әрі дамыту жөніндегі іс-әрекеттерін жан-жақты қолдадым. Бұл жолы да күмәнсіз қолдау көрсетемін", - деді Назарбаев.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276